Русский Сайттың толық нұсқасы

Өткен жылдың ішінде 300 мың қытайлық Қырғызстанға көшіп келген

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2014
  • 1279

Қырғызстан Қытайдың провинциясына айналуы мүмкін. Мұндай мәлімдемені «Қырғызстанды құтқару» оппозияциялық партия қозғалысының көшбасшысы Мукар Чолпанбаев жасады.

Оның айтуынша, былтырдың өзінде мемлекетке 300 мыңнан астам қытайлық қоныс аударған. Оппозиция өкілдері Қытай азаматтарының бұлай жаппай ағылуы, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін деп отыр. Әйтсе де, партия көшбасшысы Қырғызстанға Қытай инвестициясы қажет екендігін де айта кетті.

Қырғыз оппозициясы бұл мәселені наурыз айының аяғында Бішкекте болатын құрылтайда көтермекші. Сонымен қоса, аталмыш жиында «Қумтор» алтын кен орнын мемлекет меншігіне беруді талап етпекші.