Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ және Еуропада Opel көліктері кері қайтарылмақ

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2014
  • 1498

«General Motors» автокөліктерінен ақау шығып жатыр. Америкалық ірі автокөлік концерні оталдыру тетігіндегі проблемаларға байланысты барша әлем бойынша шағын литражды миллионға жуық көлікті кері қайтаратынын жариялады.

Бұл 2008 және 2011 жылдары шығарылған көліктерге тиелісі. Әзірге осы ақау салдарынан 12 адамның қаза болғаны белгілі болды. Бұған қоса «General Motors» еуропалық өкілдігі Оpel көліктерін де қайтаратынын хабарлады. 2007 жылы шығарылған мәшинелерде ақау бар екені анықталды. 7 жарым мың көлікті қайта жөндеу керек. Концернге оның көліктеріндегі өзге де кемшіліктерге байланысты тексеру жүргізілуі мүмкін.

Атап айтқанда, автокөліктерде қауіпсіздік жастығының дұрыс іске қосылмауы секілді жағдайлары байқалған екен.

Илхам ИБРАГИМ