Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанадағы үйлерге жылу есептеуіш құралдар орнатылады

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2014
  • 1468

2014 жылдың қазан айында Астанадағы көп қабатты үйлер 100%-ға жылу есептегіш құралдармен жабдықталады. Бұл туралы «Астана-Теплотранзит» мекемесінің өкілдері хабарлады.

Осы арқылы тұтынушыларды жылумен тұрақты, әрі сапалы түрде қамтамасыз етуге болады, - дейді мамандар. Осы арқылы тұрғындардың шығынын азайтуға да болады екен. Өйткені жылу көрсеткіштерін қадағалап, тұтынылған жылуға ғана ақша төлеуге мүмкіндік береді. Сала мамандары бұл құралдарды орнату кезек күттірмейді, деп отыр.

Айтмұқан Жұмабаев, «Астана-Теплотранзит» АҚ Басқарма төрағасы:

Өткен жылы 410 құрал орнату жоспарланған болатын, оны толығымен жүзеге асырдық. Осы жылы 1-ші қыркүйекке дейін жоспарланған 569 құралдың 75-cі орнатылды, яғни біздің жоспарымыз бойынша күніне 7-8 құрал қойылмақ.