Ресми ақпарат бойынша Вашингтондағы лай көшкінінен 20 адам мерт болды. Тағы
90 із-түзсіз жоғалғандар санатында. Билік іздеу-құтқару жұмыстары нәтиже
береді деген үмітін үзіді. Сондықтан ажал құшқандар саны артуы мүмкін деп
топшылайды.
Қазір төтенше жағдай орнында АҚШ құтқару қызметінің 200-дей маманы
жұмыс іcтеуде. Айта өтейік, өткен аптада Стилагуамиш өзені жағалауындағы 49
түтіні бар балықшылар ауылын биіктігі 20 метрге дейін жететін лай көшкіні басып
қалды.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА