Русский Сайттың толық нұсқасы

Вашингтондағы лай көшкінінен 20 адам мерт болды

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2014
  • 1270

Ресми ақпарат бойынша Вашингтондағы лай көшкінінен 20 адам мерт болды. Тағы 90 із-түзсіз жоғалғандар санатында. Билік іздеу-құтқару жұмыстары нәтиже береді деген үмітін үзіді. Сондықтан ажал құшқандар саны артуы мүмкін деп топшылайды.

Қазір төтенше жағдай орнында АҚШ құтқару қызметінің 200-дей маманы жұмыс іcтеуде. Айта өтейік, өткен аптада Стилагуамиш өзені жағалауындағы 49 түтіні бар балықшылар ауылын биіктігі 20 метрге дейін жететін лай көшкіні басып қалды.


Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА