Шымкентте тағы бір ана қатыгездігі тіркелді. 36 жастағы келіншек бес жасар қызын көкала қойдай қылып сабап тастаған. Қазір бүлдіршін облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Айта кетейік, бұл дерек Ішкі істер департаменті қызметкерлері жүргізген арнайы рейд барысында анықталды.
Тимур Бегманов, ОҚО балалар
ауруханасы нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі:
Қойылған диагнозы закрытый
черепно мозговое травма. Ушиб мозга 1-степени. Передний перелом кости слева.
Түскен кездегі жағдайы орташа ауырлықта еді. Қазіргі жағдайы кішкене дұрыс
түскелі бері. Қанағаттанарлыққа жақын. Жақын арада үйге шығаруға дайындап
жатырмыз.
Мына бейнекадрлерде
кішкентай қыздың көзінің айналасы қанталап, ісінгені көрініп тұр. Қаршадай
баланың шырқыраған дауысын сол маңнан өтіп бара жатқан әскери қызметкерлер мен
көршілер естіпті. Араша түскен де көрінеді. Алайда ашуға мінген анасы ешкімнің
тоқтау салғанына құлақ аса қоймапты. Оқиға оның Шымкентте жалдаған пәтерінде
болған. Келіншек өз қызын осылайша тәртіпке бағындырмақ болса керек.
Шымкенттегі туысына ол қызымен бірге қыдырып келген.
Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД
мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы:
Бұл материал Абай аудандық
полиция бөлімінің анықтаушыларымен қарастырылып жатыр. Сот -медициналық
сараптама тағайындалды. Сол сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша
осы анаға байланысты шешім қабылданады. Негізінде бұл азаматша ешқандай есепте
жоқ.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ