Русский Сайттың толық нұсқасы

Англия банкі мен Қытай халық банкі юаньмен жұмыс істеу орталығын құруға келісім жасасты

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2014
  • 3638

Қытай юані Лондонда. Ағылшын банкі мен Қытай Халық банкі юаньмен есептесетін орталық құру туралы келісімге келді. Бұл жөнінде Ұлыбританияның қаржы министрлігі хабарлады.

Мұндай қадамның мақсаты - халықаралық есептесумен қатар, юаньмен сауда жасауға да мүмкіндік беретін орталықтар құру. Сарапшылардың пікірінше, қытай ақшасының әзірге еркін айналымдағы бәсі жоғары емес. Дегенмен, қытай үкіметі ол үшін барлығын жасап бағуда. Си Цзиньпиннің жуырда Еуропаға жасаған сапары юаньнің мәртебесін бекіте түсуді мақсат тұтқан.

Сонымен қатар, Қытай юаньмен есептесу туралы келісімді Жапония,Ресей, Бразилия, Чили, Иран және Қазақстанмен де жасасты.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА