Оралда Ұлы Отан соғысының ардагерлері
мен тұтқында болған қарттар 1-мамырдан бастап, коммуналдық төлемдерден
босатылатын болды. Бастамашылар бұл ұсынысын Жеңіс мерекесінің 70 жылдығына
арнапты.
Бүгінде Оралда 232 соғыс ардагері мен
30-ға жуық тұтқында болған қариялар тұрады. Жыл
санап қатары сиреген қарттар үшін бұл - едәуір жәрдем. Мұндай шешімді Орал
қалалық мәслихаты қабылдапты. Мамандардың дерегіне сай, әрбір қария ай сайын
коммуналдық қызметтерге кемінде 9-10 мың теңгеге шығындалады. Енді олар бұл
ақшаны басқа керегіне жұмсауға мүмкіндік алмақ.
Айта кетейік, мұндай жеңілдіктің
шапағатын тек қала тұрғындары көреді.
Алтай Көлгінов, Орал қаласының әкімі:
Бұл сұрақ көптен бері көтеріліп жүр. Соны
біз бюджеттен қарастырып, қазір сондай мүмкіндік таптық. Бұл ардагерлерімізге
деген едәуір құрмет болады деп есептейміз.
Еркін ҚАРИН