Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ экономикасы құлдырап барады, қолдау қаржы керек

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2014
  • 4602

АҚШ федералдық резервтер жүйесінің басшысы Джанет Йеллен американың қаржы жүйесі әлі де қолдауға зәру дейді.

Тығырықтан шығу жолы ретінде бүгіннен бастап, 30 млрд долларға құнды қағаздарын сатып алмақшы. Қаржыгерлер, осындай шешім еңбек нарығы мен инфляцияны тұрақтандыруға мүмкіндік береді деп отыр.

Америкада әлі де жұмыссыз адамдардың саны көп. Кейбіреулері, тіпті бірнеше айлап жұмысқа орналаса алмай жүр. Биржа көрсеткіштері мен мұнай бағасы да көтеріліп кетті. Сарапшы мамандар Америка экономикасындағы мұндай жайсыздық олардың құлдырауына әкелуі мүмкін дейді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА