Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жас Отан» «Қазақстан Ұлттық КВН лигасы» жобасын жүзеге асыруда

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2014
  • 1674

«Жас Отан» «Қазақстан Ұлттық КВН лигасы» жобасын жүзеге асыруда. 17 сәуірде Астанада еліміздің барлық аймақтарынан жиналған командалардың қатысуымен «Нұр Отан» Партиясының 15-жылдығына арналған фестивалдің ашылады. «КВН Одағының» Президенті Есен Елеукен ұлттық лига құру идеясының маңыздылығын атап өтті.

"Жайдарман" ойындары жастардың тұлға ретінде дамуына ықпал етпек, өйткені биылғы маусым «Әдебиет» тақырыбына арналған. Сараптама тобының отырысында жастардың мамандық таңдау мәселесі де сөз болды. Нәтижесінде студенттердің 80%-ы болашағын өз мамандығымен тікелей байланыстыратыны анықталды.

Нұрлан Сыдықов, «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы:

Бүгінгі күні жастарды біріктіретін, олардың бос уақытын тиімді өткізетін бірден - бір жобалардың бірі - Жайдарман. Күлкі арқылы, қалжың арқылы қоғамда болып жатқан ең өзекті мәселелерді көтеруге болады. Бұған қоса шығармашыл жастардың басын қосатын бірден-бір жоба деп есептейміз.

Сымбат МОЛДАТАЙ