Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда №2 қалалық аурухананың маңындағы 77 үйдің мәселесіне қалалық прокуратура араласты

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2014
  • 1660

Петропавлда №2 қалалық аурухананың маңындағы 77 үйдің мәселесіне қалалық прокуратура да араласты. Прокурорлардың айтуынша, бұл баспаналардың бұзылуы шаһардың бас жоспарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты құзырлы орган өкілдері шенеуніктердің ісін заңсыз деп тауып, оны жүзеге асыруға қарсылығын білдірді.

Қызылжарда қалалық әкімдік Достық үйінің жанындағы жер үйлерді сырып тастап, сол маңды абаттандырмақ болып жатқанын бұдан бұрын жаңалықтарымызда хабарлаған болатынбыз. Алайда әкімдіктің бұл қарекетіне баспаналардың иелері наразы. Бұқара «үйлерді соғуға кеткен қаражатты қайтара аламыз ба» деп алаңдайды. 

Қайсар Әбішев, Петропавл қаласы прокуратурасының бөлім бастығы:

Қалалық әкімдіктің бұл ісі Петропавлдың бас жоспарына сай жасалып жатқан жоқ. 2007 жылы бекітілген бас жоспарға сәйкес ол жерде жер үйлер тұруы тиіс. Осыған байланысты біз ҚР Жер кодексінің 84-бабына сәйкес қалалық әкімдікке өзіміздің қарсылығымызды білдірдік. Сөйтіп, әкімдіктің 77-үйді бұзуы туралы жоспарлары әзірге тоқтатылды. Енді олар бас жоспарды өзгертулері мүмкін. Бұл іс  бірнеше жылға созылуы мүмкін.

Абзал ҚҰРМАНКИН