Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ елі Ауғаныстандағы саяси реформаларды қолдауға атсалысып келеді

  • AstanaTV
  • 01 сәуір 2014
  • 1378

Қазақ елі Ауғанстандағы саяси реформаларды қолдауға барынша атсалысып келеді. Мұның айқын мысалы Ауғанстандық жастардың осында жоғары білім алуына 50 млн доллардан артық қаржы бөлді. Осылайша, соғыстан көз ашпай келген мемлекеттің жарқын болашағы үшін орасан пайдалы қадамға барды. Бұл жөнінде бүгін АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ниша Десай Бисвал ханым айтты.

Қазақстанға арнайы іссапармен келген ресми өкіл сапар барысында Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетінің студенттер және оқытушылар құрамымен кездесті. Қазақстанның Азия елдері арасында лайықты орны бар екендігіне тоқталған мейман алпауыт Америкамен біздің еліміздің арасында білім, бизнес және сауда әріптестігі тұрғысында тығыз қарым қатынас орнайтынына сенімді. Өз кезегінде Ниша Десаи Бисвал Америка Құрама Штаттары Қазақстандағы оң бастамаларды кұптап, белгіленген жоспарларды жүзеге асыруда жан-жақты колдау көрсетуге дайын екендігін жеткізді.

Ниша Десай Бисвал АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі:

Қазақстанның «ықпалды көршілері мен достары» бар екендігі жайлы көп айтылады. Мен бұған мынаны қосар едім. АҚШ Қазақстаннан шалғай жатқанымен, екі ел арасындағы әріптестік байланыс күн өткен сайын нығайып келеді. Ал мен өз тарапымнан қос мемлекеттің бұдан да жақындай түсуіне қолымнан келгеннің барлығын жасаймын.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА