Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте жер телімдері бойынша бас прокуратура сынынан кейінгі түсініктеме

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1615

Шымкентте мемлекет мұқтажы үшін қыруар қаржыға тұрғындардан кері сатып алынып жатқан жер телімдерінің көпшілігі заңсыз беріліп кеткен. Осының негізінде 38 млн теңге шамасында қазына қаржысы ысырап болып отыр. Мұны облыс прокурорлары мәлімдеді.

Шымқаланың жаңа бас жоспарына сәйкес, әкімшілік іскерлік орталық, көп қабатты үйлер сынды құрылыстар салу үшін 700 гектар телім қайтарылуы тиіс-тін. Яғни 2 мың 711 жер учаскесі. Бұл жерлердің дені Сайрам ауданынан қосылған. Прокуратура өкілдері тексеру барысында қазірдің өзінде соның 300-дейі заңсыз берілгенін әшкереледі. Мемлекеттік АКТ-лердің кейбірінің түбірі де жоқ болып шықты. Есесіне, көпшілік ол жерге баспана салып, әлдеқашан қоныстанып үлгерген.

Ал кезінде ауыл шаруашылық мақсатына берілген телімдерді 8 соттықтан үлестіріп, пайдаға батқандар үшін қазынаның миллиондаған қаржысы өтемақы ретінде төленіп жатыр. Жергілікті атқарушы органдар жалған қаулылар мен шешімдер шығарған.

Бұдан бөлек, легализацияның заңсыз шешімдері анықталды, дейді прокурорлар. Қазір осы фактіге қатысты үш бірдей қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі тұлғалар тергеу барысында анықталатын болады.

Қуаныш Ешанқұлов, О
ҚО прокуратурасының басқарма прокуроры:

Қазіргі таңда бұл бойынша бізбен тексеру аяқталған жоқ, соған байланысты тексеру нәтижесімен толықтай шаралар көріледі. Аталған
жер учаскелерін қайтадан мемлекетке қайтаруға және де заңсыз төленіп кеткен қаржыларды мемлекеттің бюджетіне есебіне қайтаруға.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ