Русский Сайттың толық нұсқасы

Чилиде 8 баллдық зілзаладан соң цунами көтерілді

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1054

Бүгін Чилиде жойқын жер сілкінісі болды. Оның күші 8 баллға жеткен. Салдарынан Тынық мұхитынан цунами көтерілді. Алғашқы толқындардың биіктігі 2 метрден асты. Оңтүстік Американың жағалауындағы цунами Чили мен Перуге қауіп төндіріп отыр. Билік жағалаудағы аудандарда тұратын жүз мыңдаған тұрғынды шұғыл түрде эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

Еске саламыз, 2010 жылы Чилиде тербелісі 8,8 жер сілкінісі салдарынан болған цунамиден 500-ден астам адам мерт болды.

Илхам ИБРАГИМ