Қазақстанда бүгіннен бастап шағын және
орта бизнесті тексеруге шек қойылады. Түрлі органдар тарапынан кәсіпкерлер
қызметін тексеруге жарияланған мораторий 2-сәуірден күшіне енді. Президент
Назарбаев қол қойған жарлыққа сәйкес мораторий 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін
күшінде болады.
Осы уақыт аралығында кәсіпкерлерді
тексеру жүйесі қайта қаралмақ. Жоспарлы
тексерулер тоқтатылып, тек қана заңбұзушылық қаупі жоғары бизнес өкілдері ғана
тексерілмек.
Илхам ИБРАГИМ