Русский Сайттың толық нұсқасы

Елімізде бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті тексеруге тыйым салынады

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 896

Қазақстанда бүгіннен бастап шағын және орта бизнесті тексеруге шек қойылады. Түрлі органдар тарапынан кәсіпкерлер қызметін тексеруге жарияланған мораторий 2-сәуірден күшіне енді. Президент Назарбаев қол қойған жарлыққа сәйкес мораторий 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін күшінде болады.

Осы уақыт аралығында кәсіпкерлерді тексеру жүйесі қайта қаралмақ. Жоспарлы тексерулер тоқтатылып, тек қана заңбұзушылық қаупі жоғары бизнес өкілдері ғана тексерілмек.

Илхам ИБРАГИМ