Русский Сайттың толық нұсқасы

Атыраулық оркестр шетелдіктерді таң қалдырды

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1805

Атыраулық халық аспаптар оркестрі шығармашылық сапардан оралды.

45 адамнан тұратын ұжым қаймағы бұзылмаған қазақ өнерін шетел аспанында қалықтатты. Олар наурыздың 20 мен 30-ы аралғында Түркияның Маниса, Измир, Германияның Берлин, Мюнхен, Австрияның Вена қалаларында концерт берген.

Дина, Құрманғазы, Түркеш туындыларынан бастап, еліміздің, шетел композиторларының шығармалары орындалды. Жеке орындаушылар дәстүрлі әндерімен көптің көңілінен шықты. Стамбул қаласының өзінде бес мың адамдық «Топкапы» мәдениет орталығында ине шаншар орын болмаған. Рухани мәдениетімізге Германия мен австриялық көрермендердің де ықыласы зор болды.

Орақ Жауыров, Д.Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрінің бас дирижеры:

Түркияда ойнап жатқан кезде өздері қосылып кетті, себебі, түріктің әндерінен құрастырған попурри орындағанбыз. Барған жерімізде жақсы қабылдады. Қазақ музыкасын да, классикалық музыканы да. Негізі, 
шекара жоқ қой музыкада.

Базаргүл ІЗІМОВА