Русский Сайттың толық нұсқасы

Сырдария суын Өзбекстанмен бөлісуде проблема азаймай тұр

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1031

Сырдария суын Өзбекстанмен бөлісуде проблема азаймай тұр. Мәселені шешуге Мәжіліс мақұлдаған Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы заң жобасының да күші жетпейтін тәрізді.

Бүгін бұл құжатты Парламенттің төменгі палатасына сыртқы істер вице министрі Самат Ордабаев таныстырды. Қазақстан - Өзбекстан тараптары өзара тиімді сауда-экономикалық, мұнай-газ ынтымақтастығын тереңдетіп, трансшекаралық өзендерді пайдаланудың әділ жүйесін дамытуғап келіскен.

Алайда еліміздің оңтүстігіне су жіберуге келгенде, ала шапанды ағайын сараңдық танытып келеді. Аралға құятын судың 40%-ы Сырдариядан келсе, ол қазақ жеріне Өзбекстанда орналасқан «Достық» каналы арқылы жетеді. Түйткіл де осында жатыр. Мақтарал ауданының 136 мың гектар алқабын сумен қамту - оңай емес. Сыртқы істер министрлігі өкілі бұл жағдайды шешу үшін көрші елмен жыл сайын екі жақты келісім жасауға тура келетінін мойындады. Алайда суды әлі бөлісе алмай келеміз. Бұл мәселенің шешімі туралы айтуда вице-министр кібіртіктеді. 

Самат Ордабаев, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары:

Бұл өте ұзақ мәселе. Бүгінгі заң жобасы аясында Өзбекстанмен жылда екі жақты келісім жасауға тура келеді. Алайда өзбек тарапы бұған бармай отыр. Бұл өте күрделі мәселе. Мен бұл жайында айтқым келмейді, жеке кездесіп бәрін айтып берейін. Бұл сұрақ бойынша Өзбекстанның өз ұстанымы бар. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ