Русский Сайттың толық нұсқасы

ШҚО ұлттық мәдениет орталықтары Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына дайын

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1529

Шығыс Қазақстан облысындағы ұлттық мәдениет орталықтары Астанада 18 сәуірде туын көтеретін Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына сақадай сай. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Өскемен қаласында өткен көшпелі брифингінде мәлімденді. Алғаш ұйымдастырылып тұрған мұндай көшпелі отырыстың Шығыстан бастау алуы да тегін емес.

Шығыс Қазақстан - 105 этнос өкілі өмір сүретін татулықтың тал бесігі. Ел бойынша ең алғашқы Достық үйі Шығыста ашылған. Қазіргі таңда өңірде олардың саны тоғызға жетіпті. 103-ке жуық этнобірлестік жемісті қызмет атқаруда. Елімізде қанатын кеңге жайған «Достық керуені» жобасы да алғаш болып шығыстан бастау алған.

Сондықтан өзге өңірлермен желі арқылы байланысқан Орталық коммуникациялар қызметі көшпелі брифингті алғаш Өскеменде өткізді. Бұл керуен енді басқа аймақтарға жол тартпақ.

Еркімбек Аязбаев, ШҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының басшысы:

2001 жылдан бері біздің Ассамблея жанынан жексенбілік мектеп ашылып, жұмыс істеп келеді. Негізгі бағыты - облыстағы этностардың тілін үйрету, салт-дәстүрлері мен мәдениетін дамытуға жұмыстар жүргізіледі.


Қанат ОРАЛБЕК