Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда өрттен баспанасыз қалған отбасы уақытша орынға орналасты

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1126

Ақтауда өрттен баспанасыз қалған отбасы уақытша орынға шоғырланды. Маңғыстау облысы әкімі зардап шеккен отбасымен кездесті. Өңір басшысының нұсқауымен отбасының құжаттары қалпына келтіріліп, тұрмысқа қажеттілермен қамтамасыз етілуде.

Өтешевтер облыс әкімдігі тұруға берген оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығымен бүгін танысып шықты. Айман Өтешева әкімшіліктің мұндай қамқорлығына ризашылығын білдіруде. Қазір олар тілсіз жаудың қайдан шыққандығын көрсететін сараптама қорытындысын күтуде.

Жергілікті әкімшіліктен оларға 100 мың теңге көмек бөлінді. Айта кетсек, күні кеше 10 балалы Өтешевтер отбасы өрт салдарынан баспанасыз қалған болатын. 20 минуттың ішінде отбасы жалғыз үйінен айырылған. 

Әнуар Шөжеғұлов, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:

Үйдің жөндеу жұмыстары әкімшіліктің көмегімен жүргізіледі. Өйткені әкім бізге бұл істі қадағалуды тапсырды. Сондықтан бұл жұмысқа біз жауаптымыз. 


Еркін ҚАРИН