Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тың Чарльстон қаласында теннистен халықаралық турнир жалғасуда

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 792

АҚШ-тың Чарльстон қаласында теннистен халықаралық турнир жалғасуда. Бірінші кезеңнен сүрінбей өткен Қазақстан спортшысы Ярослава Шведова екінші айналымнан аса алмады. Бұл сында отандасымыз Австралия теннисшісі Саманта Стосурға 3 сетте ұтылып қалды. Ал өз кезегінде Швейцарияда еліміздің ерлер құрамасы «Дэвис» кубогына дайындығын жалғастыруда.

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы «Дэвис» кубогы жолындағы жарысқа дайындығын жалғастыруда. Спортшылардың барлығы қатарда. Бұған дейін Италия мемлекетінде жаттығып, спорттық бабына келген отандастарымыз жауапты ойынға сақадай сай дайын. Швейцария командасы кездесудің фавориті. Дегенмен, Қазақстанда өткен ойында жерлестеріміз дәл осы Станислас Вавринка бастаған команданы 5-0 есебімен ойсырата жеңді.

Михаил Кукушкин, теннистен Қазақстан құрамасының мүшесі:

Мен де, Андрей де Вавринкаға қарсы өнер көрсеттік. Қалған ойыншылардың да деңгейін білеміз. Ойынның басты фавориті Швейцария командасы, бірақ іске келгенде, корт көрсетеді. Бұған дейін біз Дэвис кубогында мықты ұжымдарды ұттық. Сондықтан қолдан келгенше, жеңіс үшін барымызды саламыз.

Екі команда арасындағы жекпе-жек 4 сәуір күні басталады. 



Футболдан чемпиондар лигасының ширек финал кездесулері басталды. Бұл сында Испанияның «Барселона» және «Атлетико» командалары өзара мықтыны анықтады. «Камп Ноу» стадионындағы алғашқы жекпе-жек 1-1 есебімен тең аяқталды. Бұл ойындағы алғашқы голды қонақтар соқты. Диего Костаның алыстан бағыттаған мықты соққысын қақпағы Пинто қайтара алмады.

Қарымта шабуылға шыққан алаң иелері араға 15 минут салып таразы басын теңестірді. Андреас Иньестаның пасынан кейін мергендігімен танылған Неймар командаластарының қошеметіне бөленді. Екі команда арасындағы қарымта ойын енді бір аптадан кейін Мадрид қаласында өтеді.


Самат ҚАНАҒАТОВ