Көкпектіге көмек. Еліміздің аймақтары жұмылып тасқын судан зардап шеккен
ағайынға қол ұшын соза бастады. Алғашқылардың бірі болып - Астана
жұрты Көкпекті ауылына 20 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті. Тауарлар ішінде
киім-кешектермен қоса, күнделікті қажетті заттар жиынтығы, сондай-ақ, жылытқыш
жабдықтар бар.
Қазір ауыл тұрғындарына бірінші кезекте дәл осы заттармен бірге
көкөніс, азық-түлік қажет. Өйткені тасқын кезінде қоймаларды су басып, халық
азықсыз қалған. Алдағы уақытта Астана азық-түлік жібермекші.
Айта өтейік, қазір апат аймағын
қалпына келтіру шаралары жүріп жатыр. Бұған
мыңнан астам адам жұмылдырылған. Осы күнге дейін 100-ден астам үйдің
ауласындағы су сорылып, 500 тоннадай қоқыс шығарылды.
Илхам ИБРАГИМ