Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркияның телекоммуникациялық байланыс департаменті ютуб сайтының жұмысын тоқтатқаны жөнінде ресми түсініктеме берді

  • AstanaTV
  • 02 сәуір 2014
  • 1377

Бүгін Түркияның телекоммуникациялық байланыс департаменті әлемге танымал ютуб сайтының «Ататүрікке қарсы қылмыстар туралы» заңына сәйкес жұмысын тоқтатқаны» жөнінде ресми түсініктеме берді.

Естеріңізде болса, Түркияда сайлау науқаны кезінде атқарушы билікке қарсы әлеуметтік желіде әртүрлі ақпараттар жарияланған. Ал оған тосқауыл қою үшін түрік билігі наурыз айының соңында туиттер микроблогы мен ютуб сайтын бұғаттап тастады. Оған мұрындық болған елдің Үкімет басшысы Тайып Ердоған, мемлекеттік құпиялар жарық көріп, азаматтардың жеке өмірлеріне нұқсан келіп отырғанын алға тартып еді.

Ал Президент Абдулла Гүл жекелеген әлеуметтік парақшалар болмаса, әлеуметтік желінің жабылуына үзілді-кесілді қарсы екендігін білдірген. Алайда қазір Түркияда туиттер мен ютубтың жұмысы бұғатталғанымен, оның тұрақты қолданушылары қосымша бағдарламалар арқылы жасырын түрде пайдаланып жатыр. 


Ержан Жүніс