Русский Сайттың толық нұсқасы

Петропавлда толассыз қар жауып жатыр

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2014
  • 1237

Қаһарлы қыс Қызылжармен қоштасар емес. Қар еріп, көктемнің лебі енді сезілген кезде, Петропавлда аспанның түбі тесілгендей, табан астынан толассыз қар жауды. Қала көшелері бір сағаттың ішінде ақ ұлпаға оранды.

Қалың қар, әсіресе көлік жүргізушілеріне кесірін тигізді. Темір тұлпарларына жазғы доңғалақ қойған жүргізушілер көк тайғақтың салдарынан биік дөңдерге шыға алмай, тұралап қалып жатты. Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітер емес. Теріскей жұрты сәуір айында қар аралас жаңбырдан көз ашпайды, - дейді "Казгидромет" мамандары.

Ботагөз Мұқанова, инженер-синоптик:

Сәуір айында Солтүстік Қазақстанда ауа температусы түнде шамамен 2-7 градус жылы болады, ал күндіз 15-20 градустың арасында ауытқиды. Қар аралас жаңбыр тағы бірнеше мәрте жаумақ. Бұл - жыл сайын қайталанатын құбылыс.

Абзал ҚҰРМАНКИН