Қарағандылық тәртіп сақшылары жетімдер
үйінде «ерлік сағатын» өткізді. Жеткіншектер алдында алғаш рет Ауған соғысы
ардагерлері мен полицейлер дәріс оқыды. Сарбаздардың жанкешті ерлігі жайлы
баяндап берді. Олар - Николай Редченко, Владимир Явоский мен Дмитрий Пугач.
Мәселен, осы азаматтардың бірі басын
бәйгеге тігіп, балалар толы автобусты апаттан қалай құтқарғанын әңгімеледі.
Қылмысқа төзбеу қасиетін жас күннен қалыптастыру қажет. Бүгінгі күннің
батырлары жеткіншектер санасына осыны сіңіруге тырысты. Арнайы жасақ
сарбаздарының «өнері де» жастардың қызығушылығын оятты.
Анна Пермякова, Литвинск балалар үйінің тәрбиеленушісі:
Әр адам өз ісімен, әрекетімен Қазақстанның дамуына үлес қосу керектігін
түсінеміз. Осындай кездесулер жиі болып тұрса екен. Бізді қорғайтын, бізге
қызмет ететін азаматтардың бары, олардың ерлігін тыңдау маған ұнады.
Осакаровка ауданында үгіт-насихат тобы
әр жылдары ерлікпен қаза болған полицейлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Облыстық Ішкі істер департаментінің басшылығы жергілікті ардагер полицейлермен
кездесті. Жас мамандарды тәрбилеуге аға буынның да атсалысуы қажеттігін айтты. Қарағандылық делегацияның сапары салтанатты концертке
ұласты.
Мөлдір БАҚЫТ-ҚЫЗЫ