Русский Сайттың толық нұсқасы

Банкоматтағы ақша ұялы телефон арқылы жымқырылуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 04 сәуір 2014
  • 931

Банкоматтарға қауіп төнді. Хакерлер енді оларды ұялы телефондар арқылы да бұза алады. Бар пәле жаңа вируста. Ол алаяқтарға жағдайды алыста отырып-ақ бақылауға мүмкіндік жасайды. Және бақылап қана қоймай, банкоматтардағы ақшаны да сыпырып әкетуге жағдай туғызады, - деп хабарлайды «Symantec» корпорациясының мамандары.

Оңай олжаға кенеліп үйренгендер вирус шалған банкоматқа ақша беру жөнінде смс-хабар жібереді де, дайын ақшаны ала қояды. Егер банкоматтардың 95% «Windows XP» жүйесімен басқарылатынын ескерсек, вирус өте қауіпті болып отыр. Өйткені, ол жүйенің вирустарға қарсы қауіпсіздігі төмен дегенді айтады мамандар.

Айгүл ӘДЕПБАЙ