Банкоматтарға қауіп төнді. Хакерлер енді оларды ұялы телефондар арқылы да бұза алады.
Бар пәле жаңа вируста. Ол алаяқтарға жағдайды алыста отырып-ақ бақылауға
мүмкіндік жасайды. Және бақылап қана қоймай, банкоматтардағы ақшаны да сыпырып
әкетуге жағдай туғызады, - деп хабарлайды «Symantec» корпорациясының мамандары.
Оңай олжаға кенеліп үйренгендер вирус
шалған банкоматқа ақша беру жөнінде смс-хабар жібереді де, дайын ақшаны ала
қояды. Егер банкоматтардың 95% «Windows XP» жүйесімен басқарылатынын ескерсек,
вирус өте қауіпті болып отыр. Өйткені, ол
жүйенің вирустарға қарсы қауіпсіздігі төмен дегенді айтады мамандар.
Айгүл ӘДЕПБАЙ