Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдік құтқарушыларға қандай құзыр берілмек?

  • AstanaTV
  • 03 сәуір 2014
  • 1194

Үкімет басшысының ауысуы Үкімет мүшелерін абыржытқандай. Парламент Сенатының отырысында төтенше жағдайлар жөніндегі министр міндетін атқарушы Владимир Божко елімізді ислам республикасы деп атап жіберді. Халықтың басым бөлігі мұсылман болғанымен еліміздің ислам мемлекеті деген ресми атауы жоқ екені белгілі.

Қазақстан мен Ресей арасында апаттардың алдын алу және зардаптарын жою кезінде мемлекттік шекараны кесіп өтуді жеңілдету туралы хаттаманы ратификациялауды ұсынған министр қателесіп кетті. Ал сенаторлар бұл қатені түзеу керектігін ескертіп үлгерді. 

- Вы оговорились, сказали Исламская Республика Казахстан. Я прошу для протокола, чтобы поправиться. -Да, Исламская Республика Иран и Афганистан, простите, пожалуйста.

Айта кетерлігі апаттық жағдайлардың алдын алу үшін шекарадан өтетін көрші ел құтқарушыларына дипломаттарға тән иммунитет пен артықшылықтар беру қарастырылған. Тіпті олардың көліктерін тоқтатып, ішін тексеруге біздің құқық қорғаушылардың құзыры болмайды. Қарапайым қызметкерлерге неліктен мұндай артықшылық берілгенін сенаторлар түсінбеді. Дегенмен түсінбестіктер болса да, заң жобасы бір ауыздан мақұлданды.

Икрам Адырбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: 

Біз неліктен барлық экорномика қаржы, кеден, шаруашылық, апат мәселесімен айналысатын өкілдіктерге, осы орталықтарға дипломатиялық миссиялармен теңестіруіміз керек, солардың құқықтарын беруіміз керек. Тек қана арнайы іспен, мысалы, қауіп қатерді зерттеумен айналысатын орталыққа осындай ерекше статус не үшін керек екендігі, не үшін беріліп отырғанын біз түсінбедік. 

Айгүл ӘДЕПБАЙ