Кәсіпкерлер өздеріне жөнсіз салық
рәсімделді деп есептесе, аппеляциялық салық органына шағым түсіре алады. Яғни
салық дауын сотқа жеткізбей шешуге мүмкіндік алмақ. Бұл туралы Жоғарғы сот, Салық
және инвестициялар бойынша халықаралық орталық мүшелерінің бірлескен
семинарында айтылды.
Салықтық және кедендік даулардың алдын
алу мақсатында заң жобасына тиісті өзгерістер енгізілетін болды. Осы ретте кәсіпкерлердің арыз, шағымдарын қарастыру
мәселесі жаңадан ашылатын аппеляциялық орган мамандарының құзырына берілмек.
Алмат Ерманов, Қызылорда облыстық сотының судьясы:
Салық төлеуші егер салық органының есептеген салықтарымен келіспеген
жағдайда, салық аппеляциясына жүгініп, өзінің мұң-мұқтажын айтуға толық
мүмкіндігі бар. Егер де онымен келіспеген
жағдайда ғана сотқа жүгінуге құқылы болады. Бұл дегеніміз, сотқа дейінгі
мәселені осы органдар өздері шешсе деген ұйғарым.
Жұрағат БАМАН