Русский Сайттың толық нұсқасы

"Скат" әуе компаниясына тиесілі "Боинг 737" ұшағы аппаты жағдайда Астана әуежайына қонды

  • AstanaTV
  • 07 сәуір 2014
  • 1093

Бірер сағат бұрын "Скат" әуе компаниясына  тиесілі  "Боинг 737" ұшағы аппаты жағдайда Астана әуежайына қонды. Бұл туралы "Астана Халықаралық әуежайының" баспасөз қызметі хабарлайды. "Шымкент-Астана" әуе-рейсі елордаға таңғы сағат тоғыздан жиырма бес минут кеткенде табан тіреуі тиіс-тін. Алайда техникалық ақауға байланысты бір сағат жиырма үш минутқа кешігіп қонды.

Апатты
қону іске асырылғанша, екі сағатқа жуық әуежай өзге ұшақтары қабылдаған жоқ. Кесірінен ұшып шығуы тиіс төрт техника мен қонуы тиіс үш рейс жолынан бөгелді. Соңғы үшеуі Қарағанды әуежайына қонуға мәжбүр болды. Ал апатты ұшақтың бортында бес экпипаж мүшесі мен 89 жолаушы болған. Абырой болғанда, барлығы дін аман. Қазір тергеу жұмыстары басталды.

Людмила Копейчук, «Астана» Халықаралық әуежайы» АҚ маркетинг бөлімінің бастығы:

Апатты ұшақты қабылдау үшін әуежай тиісті дайындық жүргізді. Өрттің алдын алу мақсатында қону жолағына көпіршік төселді. Хабарлама түскен бетте әуежайға жеті өрт сөндіру техникасы мен бес жедел жәрдем көлігі келіп жетті. 

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ