Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазсат-3» спутнигі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан белгіленген уақытында ұшырылады

  • AstanaTV
  • 08 сәуір 2014
  • 3851

Қазақстанның «Қазсат-3» спутнигі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан жеткізілді. Жер серігі белгіленген мерзімінде ұшырылады. Бұл туралы Ұлттық ғарыш агенттігі хабарлады. "Қазір ұшыруға даярлық қызу жүргізілуде", - деді агенттіктің ресми өкілі.

Айта кетейік, жер серігін 28 сәуір күні «Протон-М» зымырантасығышымен орбитаға аттандыру жоспарланған. «Қазсат-3» Қазақстан мен шекаралас мемлекеттер аумағында байланыс, телехабар тарату және жоғары жылдамдықтағы Интернет қызметтерін ұсынуға арналған.

Ербол Дәулетов, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми өкілі:

Өз уақытында аталған жер серігі, байланыс спутнигі ұшады деп жобалап отырмыз. Өйткені барлық жұмыстар рет-ретімен жүріп жатыр. 24 наурызда "Қазсат-3" Қазақстан спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізіліп, оның ғарышқа ұшырылу жұмыстары жүргізілуде.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА