Қазақстанның «Қазсат-3» спутнигі
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан жеткізілді. Жер серігі белгіленген мерзімінде ұшырылады. Бұл туралы Ұлттық ғарыш агенттігі
хабарлады. "Қазір ұшыруға даярлық қызу жүргізілуде", - деді агенттіктің ресми
өкілі.
Айта кетейік, жер серігін 28 сәуір күні «Протон-М» зымырантасығышымен
орбитаға аттандыру жоспарланған. «Қазсат-3» Қазақстан мен шекаралас мемлекеттер
аумағында байланыс, телехабар тарату және жоғары жылдамдықтағы Интернет
қызметтерін ұсынуға арналған.
Ербол Дәулетов, ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің ресми өкілі:
Өз уақытында аталған жер серігі, байланыс спутнигі ұшады деп жобалап
отырмыз. Өйткені барлық жұмыстар рет-ретімен жүріп жатыр. 24 наурызда
"Қазсат-3" Қазақстан спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағына жеткізіліп,
оның ғарышқа ұшырылу жұмыстары жүргізілуде.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА