Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қазгидромет» РМК басшысының бірінші орынбасары бюджет қаржысынан 1,2 млн теңге жымқырған

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2014
  • 1135

1,2 млрд теңгенің мақсатсыз жұмсалуына жол берген «Қазгидромет» басшыларының біріне қатысты тергеу ісі аяқталды. Бас директордың бірінші орынбасары лауазымын атқарған Сұлтанов қызмет бабын теріс пайдаланып, бюджет қаржысын талан-таражға салды деп айыпталуда, - деп хабарлайды қаржы полициясы.

Ол 2012 жылдың қаңтар-ақпан айларында «Адал Тем», «Intertech Industry», «Вектор Строй 2010» және «НПО «Техкұрал» фирмаларымен келісім-шартқа отырып, 3 млрд 200 млн теңгеге арнайы құрал-жабдықтарды сатып алуға рұқсат берген. Алайда жобалық-сметалық құжаттардың біреуі де мемлекеттік сараптамадан өтпеген.

Енді Қаржы министрлігі қаржылық бақылау комитетінің қорытындысына сәйкес, «Қазгидромет»-тің тауарлық биржалар арқылы өткізген сатып алулары заңсыз деп танылып отыр.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА