Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағандыда жолаушылар көлігінің жұмысы жаңғыртылды

  • AstanaTV
  • 09 сәуір 2014
  • 1159

Бүгін Қарағандыда жолаушылар көлігінің жұмысы қайта жанданды. №3-ші автобус паркінің автобустары толықтай жұмысқа шықты.

Еске салайық, осыдан екі күн бұрын жүзден астам автобус жүргізушісі мен кондукторлар еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, жұмысқа шығудан бас тартқан болатын. Осы мәселеге орай арнайы құрылған комиссия, жүргізушілерге салынар күн сайынғы салық 5-7% азаятынын айтты. Бұл наразы топтың көңілінен шығып, Қарағандыдағы Октябрь ауданына қатынайтын 170-тен астам автобус жұмысқа қайта кірісті.

Ал көлік жүргізіп келе жатып, темекі тартатын, бұл аздай телефонмен сөйлесіп, тіпті жылдамдықты жиі асыратын желөкпе жүргізушілер жазасыз қалмайтыны ескертілді. Өйткені, бұл талап - жолаушылар қауіпсіздігі үшін аса маңызды. Автобус жүргізушілері көтерген жанармай мәселесі де оң шешім табатын болды. Екі күн халықты әбігерге салған жүргізушілер жазаланбайтын болды.

Марлен Шалтаков, «Қарағанды қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автокөлік жолдары» ММ басшысы:

Жүргізушілердің күн сайынғы жоспарын автобустың көлеміне байланысты 2-5 мың теңгеге азайттық. Бұл олардың көңілінен шықты. Қазір барлығы да өз талаптарын қайтып алып жұмысқа кірісті.

Еркін ҚАРИН