7 мамырда Астанада «Қазақ елі»
алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған Әскери шеру өтеді.
Қорғаныс министрлігінің ақпаратына
сүйенсек,{шараға Қорғаныс, Ішкі істер,
Төтенше жағдайлар министрліктері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің
және Республикалық ұланның құрылымдары, сондай-ақ, әскери техника мен авиация
тартылады. Жаяу әскери легіне 2 мыңға жуық
сарбаз, оның ішінде Қарулы Күштердің жеке құрамынан 1500 адам қатысады. Әскери
техника саны 250 бірлікті және жеке құрамда 566 адамды құрайды.
Сондай-ақ, парадқа 56-ға жуық ұшу
аппараттары қатысады. Салтанатты шеруге
дайындық 14 сәуірден басталады.