Қайта жаңғырған басылым. Өз
дәуірінде қалың оқырманның сұранысына ие болған бір ғасырлық тарихы бар «Ара»
сатиралық журналы қайта жарыққа шықты. Басылым жұмысының жандануына «Нұр Отан»
партиясы қолдау білдірді.
Осыдан 100 жыл бұрын жарыққа шығып, қазақ
даласындағы олқылықтарды аяусыз түйреп, сын тезіне алған журналдың көтерген
мәселесі ұшан теңіз. Басылым беттерінде қоғамның басты проблемасына айналған -
жемқорлық, сыбайластық, руға, жүзге бөліну сияқты кемшін тұстар тақырып өзегіне
айналғанын жұртшылық жақсы біледі. Алайда көпшілік іздеп жүріп оқитын
"Ара" журналы бертін келе нарық қыспағы салдарынан жабылып қалды.
Енді міне араға бірнеше жыл салып, дүниеге қайта келген «Ара» - «Айқын»
газетінің қосымшасы ретінде - оқырманға ой салар дүниелерін ұсынбақ. Басылымның
басты бағыты - қоғамдағы түрлі келеңсіздіктермен, соның ішінде жең ұшынан
жалғасқан жемқорлықпен күресуге арналады.
Көпен Әмірбек, «Ара» журналының
бас редакторы:
Қоғамның жегі құрты мына
жемқорлық болып тұр. Осы жемқорлықпен күресу керек. Мінекей мына сатира қаһарлы
қару, оны қолдан түсіруге болмайды деген қағиданы біз «Ара» журналы ту етіп
ұстадық. Сондықтан осы қаһарлы 5-қаруды бойына асынып, сақшылар сайысқа сақадай
сай тұр.
Асан КАЛИАХМЕТОВ