Су тасқынынан үйлері қирап қалған
атбасарлық тұрғындарға жаңа баспаналар берілмек. Апат аймағында болған ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан
Сағынтаев пен Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай деп сендірді.
Бүгінде арнайы комиссия 442 су басқан
үйдің 247-сін тексеруден өткізді. Белгілі болғандай, 44 баспана жарамсыз деп
танылған. Қазіргі таңда аймақта су сорғызу, мүлікті алып шығару, азық-түлікті
жеткізу және зардап шеккендерге медициналық-психологиялық көмек көрсету
жұмыстары атқарылуда.
Еске салайық, өткен аптада күннің күрт
жылынуынан Ақмола облысындағы Атбасар қаласын топан су басып қалды. Соңғы мәлімет бойынша, 300-ден астам үй су астында қалған.
Жұрағат БАМАН