Русский Сайттың толық нұсқасы

Америка Құрама Штаттары Бостондағы теракт кезінде қаза болғандарды еске алуда

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2014
  • 1452

Құрама штаттар Бостон теракті кезінде қаза болғандарды еске алуда. Қайғылы оқиға тура бір жыл бұрын болды. Жуырда Америка билігі Ресей тарапына терактіге қатысы бар күдікті Тамерлан Царнаев туралы ақпарды әдейі жасырды деген кінә таққан болатын. «Нью-Йорк Таймс» басылымының жазуы бойынша, Америкалық федералдық тергеу бюросы осылайша өз салғырттықтарын жасырмақ болған.

Еске салайық, өткен жылдың 15 сәуірінде Бостон қаласында дәстүрлі марафон кезінде екі бірдей жойқын жарылыс болды. Салдарынан үш адам көз жұмып, 260-тан астам адам жараланған. Қазіргі таңда Джохар Царнаев қамауда отыр. Оған 30 пункт бойынша айып тағылды. Америкалық прокурорлар өлім жазасын кесуді талап етуде.

Айта кетейік, Царнаевтардың үлкені - Тамерлан лаңкестіктен кейін полициямен атыс кезінде қаза тапты. Бостонда бұл марафон биыл да өтеді. Шара 21-сәуірге жоспарланған. Жарыс өтетін аумаққа 100-ден астам жасырын камера орнатылды.

Жұрағат БАМАН