Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорданың ауыз сумен қамтамасыз етуге жауапты мекеме өкілдері мәлімдеме жасады

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 1027

Қызылордада уланған жауынгерлердің саны 47 жетті. 11 науқас жұқпалы аурулар ауруханасына кеше кешкісін және бүгін таңертең жеткізілген.

Дәрігерлердің ақпаратына сенсек, бірінші түскен науқастардың жағдайы қазір тұрақталса, кейін түскендерінің дене қызуы сақталып, өздерін әлсіз сезінуде. Жан-жақты жасалған медициналық сараптамалар нәтижесі болса әлі дайын емес.

Ал Ішкі істер министрлігі мен әскери бөлім мамандары «жаппай уланудын себебі ауыз судан» деп кеше ақпарат таратқан болатын. Алайда «Қызылорда су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі бұл мәлімдемені жоққа шығарып отыр.

Айтуларынша, Қызылжарма ауылы қолданатын ауыз су осы маңдағы кен орнынан 470 метрдегі қашықтықтағы жер астынан алатын суды пайдаланады. Бұған қоса, осы уақытқа дейін ауруханаға танылған науқастар тек әскери бөлім сарбаздары ғана деп отыр.

Айта кетейік, Қызылжармада 6 мыңнан астам халық бар. Олардан қандай да бір араз-шағым түспеген. Әскери прокуратураның рұқсатымен, әскери бөлімге келетін судан сынамалар сараптамаға алынған. Бүгін соның химиялық нәтижелері дайын болды.

Мұратбек Үсербаев, «Қызылорда су жүйесі» МКК басшысы:

Судын иісі біздің сараптамаларымыз бойынша нольде, дәмі де сондай, түсінің қалыпты мөлшерлемесі 20 градус болса, бізде 6,5 көрсетіп тұр. Сутегі көрсеткіші 6,9 болу керек, сараптама бойынша - 8,52. Жалпы судын қаттылығы - 7 болса, сынамада - 0,6 көрсетіп тұр. Яғни, су - жұмсақ. Неге? Өйткені, бұл су 450 метрдегі терендіктен тартылады. Ол - өте таза, бұл суды хлорламай
-ақ, фильтрациядан өткізбестен ішуіне болады.

Сонымен қатар, суға жауапты мекеме мамандары әскери бөлемнен алынған суға бактериялық сараптама жүргізді. Оның нәтижелері кем дегенде 72 сағат ішінде дайын болады.

Бұдан бұрын хабарағанымыздай, Қызылжарма ауылындағы 55/47 әскери бөлімі сарбаздары жексенбі күні кешкі астан соң дене қызулары көтеріліп, тәбеттері қашқан. Сол күні 36 сарбаз ауруханаға жеткізілді. Сарбаздар ауыз судың жағымсыз дәмі болғанын айтқан болатын.