Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана су қоймасына жиналған су рекордтық межеге жетті

  • AstanaTV
  • 14 сәуір 2014
  • 1289

Астананы тасқыннан сақтайтын бөгеттегі су шіреп тұр. Бірақ қалаға қауіп жоқ. "ҚазСелденқорғау" мекемесі Астана су қоймасына жиналған су рекордтық межеге жеткенін хабарлады. Ақмола және Қарағанды облыстарында қардың тез еруінен Астана су қоймасы 99%-ға толған, ол шамамен 408,9 млн текше метр. Соның салдарынан «Астана қаласын Есіл өзені тасқын суларынан қорғау» кешеніне қоймадан су жіберіліп, бөгет аумағында судың көлемі 100 млн текше метрге жетіпті.

Аталмыш нысан қолданысқа 2010 жылы берілген. Мамандар: "Бұл кешен болмағанда, бас шахардың сол жағалауы тұтас су астында қалар еді", - дейді. "Су деңгейінің бүгінгі көрсеткішке дейін көтерілуі сирек болатын жайт", - дейді селден қорғау мамандары.

Тоқтарбек Баймолдаев, "ҚазСелденқорғау" мемлекеттік мекемесінің басшысы:

Бұндай паводка 1948 жылы, 1950 жылы, 1969 жылы, 1993 жылы, 2010 жылы болған. Қалаға ешқандай қауіп жоқ. Бүгінгі күнгі жиналған су жобаның көлемінен 25%, бұның көлемі - 450 млн.

Марат ЕРНАЗАРҰЛЫ