Русский Сайттың толық нұсқасы

Мәжіліс депутаттары «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін халыққа жеткізді

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2016
  • 1501

«Мәңгілік ел» ұлттық идеясын жүзеге асыруға әрбір қазақстандық үлес қосуы тиіс. Осы мақсатта мәжіліс депутаттары аймақтарда халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. «Нұр Отан» партиясының бастамасы Ақтөбе облысында сәтті өтті.

Мәжілісмендер облыстағы бірқатар аудандарда болып, жергілікті тұрғындармен 20 жуық басқосу өткізген. 3 мыңнан астам адам қатысқан кездесу барысында «100 нақты қадам» ұлт жоспарының игілігі туралы сөз болды. Елбасының бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясында қабылданған «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің болашаққа бастар айқын жол екені жан-жақты түсіндірілді.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: 

«Мәңгілік елдің» мызғымас 7 ұстанымы деген қандай? Олардың әрқайсысы қазақстандықтарға қандай міндеттер жүктейді дегенді айттық. 5 институционалдық реформаның мәні жөнінде айттық. 5 институционалдық реформаның бағыт-бағдарларын айттық. Олар бойынша жасалып жатқан жұмыстар жөнінде айттық.   

Мансұр ЕСҚОЖИН