Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысының Ақсу қаласында тепловоз бен микроавтобус соқтығысты

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2014
  • 1116

Павлодар облысында оқыс оқиға. Ақсу қаласында тепловоз бен микроавтобус соқтығысып, бір адам қаза тапты. Тағы сегіз жолаушы ауруханаға түсті. Пойыз қаладан, ал «Форд-Транзит» Ақсу ферроқорыту зауыты маңынан шыққан. Полицейлердің мәліметінше, аталған кәсіпорынға тиесілі автобус қожайыны тәжірибеден өтіп жүрген студенттерді алып келе жатқан.

Тергеушілердің айтуынша, «Форд» жүргізушісі теміржол өткеліндегі тепловозды байқамай қалған болуы мүмкін. Дегенмен өткел маңында барлық қажетті белгілер қойылған. Қалай болғаны әзірге белгісіз, дегенмен автокөлік пойызға соқтығысқан. Жарақат алған сегіз адам Ақсу қалалық ауруханасында жатыр, ал тоғызыншысы Ақсу кәсіби-техникалық колледжінің студенті оқиға орнында қаза тапты.

Ерлан Рыспаев, Павлодар облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы:

Қазір жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Сараптаманың барлық түрі жасалмақшы. Менің ойымша, бүгін жүмыс күні аяқталғанша қылмыстық іс қозғауымыз мүмкін.

Базаргүл ІЗІМОВА