Атырауда адамның иммун тапшылығы
вирусын жұқтырғандар саны күрт көбейіп барады. Әсіресе, еңбек жасындағы азаматтардың қауіпті дертке шалдығу деректері жиілеген. Осыған
орай, ақыл-ойы қалыптасқан адамдар арасында ғасыр дертінен сақтандыру жолдары
түсіндірілуде. Осы мақсатта облыстық тұтынушылар департаменті мен СПИД-ке қарсы
күрес орталығы мамандары арнайы семинар ұйымдастырды.
Соңғы уақытта аймақта дерттің жыныстық
қатынас арқылы жұғу жолы көбейген. Жұқтырғандардың
40%-дан астамы тұрақты жұмысы бар адамдар. Ал өздігінен
тексеріліп, қан тапсырып тұратындар саны әлі де аз.
Маржан Исбергенова, Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының
бөлім меңгерушісі:
Атырау облысында 131 адам тіркеліп отыр, өсу ретімен. Осы
үш айда 7 адам тіркелді. Оның жас жағынан қарасақ, 50-ден жоғары адамдар да
тіркеліп отыр. Жыныстық қатынаспен, соның ішінде гомосексуализм де тіркеліп
отыр.
Базаргүл ІЗІМОВА