Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда СПИД-ке шалдыққандар саны күрт көбейді

  • AstanaTV
  • 16 сәуір 2014
  • 1295

Атырауда адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырғандар саны күрт көбейіп барады. Әсіресе, еңбек жасындағы азаматтардың қауіпті дертке шалдығу деректері жиілеген. Осыған орай, ақыл-ойы қалыптасқан адамдар арасында ғасыр дертінен сақтандыру жолдары түсіндірілуде. Осы мақсатта облыстық тұтынушылар департаменті мен СПИД-ке қарсы күрес орталығы мамандары арнайы семинар ұйымдастырды.

Соңғы уақытта аймақта дерттің жыныстық қатынас арқылы жұғу жолы көбейген. Жұқтырғандардың 40%-дан астамы тұрақты жұмысы бар адамдар. Ал өздігінен тексеріліп, қан тапсырып тұратындар саны әлі де аз.

Маржан Исбергенова, Атырау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының бөлім меңгерушісі:

Атырау
облысында 131 адам тіркеліп отыр, өсу ретімен. Осы үш айда 7 адам тіркелді. Оның жас жағынан қарасақ, 50-ден жоғары адамдар да тіркеліп отыр. Жыныстық қатынаспен, соның ішінде гомосексуализм де тіркеліп отыр.

Базаргүл ІЗІМОВА