Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында жүк көлігімен жеңіл көлік соқтығысып қалды, қаза тапқандар бар

  • AstanaTV
  • 17 сәуір 2014
  • 1169

Ал бүгін түнде Алматы облысында жан түршігерлік апат болды.

«Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында жүк көлігімен жеңіл автокөлік соқтығысып қалды. Салдарынан оқиға орнында бірден үш адам ажал құшты. Тағы бір адам ауыр халде ауруханаа жеткізілді. Олардың барлығы жеңіл көлікте отырған.

Қазіргі кезде оқиға орнында Панфилов аудандық ІІБ жедел тергеу тобы мен облыстық жол полициясының қызметкерлері жұмыс жүргізуде.

Алдын ала болжам бойынша, апатқа жол беру керектігі жөніндегі белгіні ескермей, басты жолға шығып кеткен жеңіл автокөліктің жүргізушісі кінәлі болы мүмкін.

Илхам ИБРАГИМ