Қазақстандықтар мамыр мерекелеріне
орай 7 күн демалатын болды. Бүгін Үкімет басшысы «Демалыс күндерін ауыстыру
туралы» Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Ел тұрғындарына қолайлы жағдай жасап,
жұмыс уақытын тиімді пайдалану үшін 1-ші, 2-ші, 3-ші мамыр күндері демалыс
болып жарияланды. Ал, күнтізбедегі жексенбі 4-ші мамыр - жұмыс күні болып
белгіленді. Сондай-ақ, 8-ші мамыр жұмыс күні, 11-не ауыстырылды.
Айта кетелік, мамыр айында
қазақстандықтар бірден үш мерекені атап өтеді. Бұл атаулы күндер - 1-мамыр -
Қазақстан халқының бірлігі күні, 7-мамыр - Отан қорғаушылар күні, 9-мамыр -
Жеңіс күні.
Еркін ҚАРИН