Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-ның кәсіпкері Виталий Каркуланы өліміне қатысты күдіктілердің ісі сотқа жөнелтілді

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2014
  • 961

Батыс қазақстандық кәсіпкер Виталий Каркуланы өлтіруге қатысы бар делінген күдіктілердің ісі сотқа жөнілтілді. Өңірге танымал кәсіпкерді үстіміздегі жылдың 13 қаңтарында әлдекімдер өз үйінде атып өлтірген еді.

Марқұмның жұбайы Валентина Каркула ауыр жарақат алды. Қандықол қылмыскерлерді іздестіруге де жәбірленуші азаматшаның көп көмегі тиді. Оның айтуы бойынша, күдіктілердің түр-әлпеті анықталып, полиция осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен батыс қазақстандық үш тұрғынды ұстады. Олардың біреуі осыған дейін бірнеше рет сотталған. Ал енді бірі марқұм Виталий Каркуланың қол астында жұмыс істепті.

Айжан Қабылова, Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз хатшысы:

Олар адам өлтіру, қарақшылық шабуылмен қылмыс жасауға оқталу, бандитизм, заңсыз қару ұстау бойынша айыпталып отыр. Бұл баптар бойынша 10 жылдан 20 жылға дейін, сонымен қатар өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. Іс бойынша алдын ала тыңдау сәуірдің 28-іне тағайындалды. Ол жабық түрде өтеді.

Еркін ҚАРИН