Русский Сайттың толық нұсқасы

Вашингтонда Бейбіт Шүменов пен Бернард Хопкинс қолғап түйістірді

  • AstanaTV
  • 21 сәуір 2014
  • 1172

АҚШ астанасы Вашингтонда кәсіпқой бокс кеші өтті. Басты жекпе-жекте жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпиондары Бейбіт Шүменов пен Бернард Хопкинс қолғап түйістірді. 12 раунд барысында қазақстандық спортшыны ауыр соққылардың астына алған 49 жасар Хопкинс екі тұжырым бойынша чемпиондық белбеулерді иеленді. 

Кәсіпқой бокстан бүкіләлемдік бокс қауымдастының чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов алтын белбеуінен айрылып қалды. АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткен жекпе-жекте отандасымыз халықаралық бокс федерациясының чемпионы Бернард Хопкинске ұпай санымен есе жебірді. Кездесу басынан қарсыласының қарқынына төтеп бере алмай, амалы таусылған Шүменов 11-раундта қарсыласының жойқын соққысына тап болып, есеңгіреп қалды. Кездесу аяқталғанан кейін үш төрешінің біреуі жеңісті қазақстандық спортшыға берсе, екі қазы Хопкинсті жеңіске лайықты деп шешті. 49 жасында екі бірдей чемпиондық белбеуді иеленген Бернард Хопкинс алдағы уақытта қалған екі тұжырымдағы алтын белбеулерді ұтып алуды жоспарлап отыр.



Теннистен Монте-Карло қаласында халықаралық турнир аяқталды. Дәрежелі жарыста қарсылас шақ келтірмеген Станислас Вавринка бас жүлдені ұтып алды. Ақтық сында Швейцария спортшысы отандасы Роджер Федерермен ракетка түйістірді. Бірінші сетте 6-4 есебімен ұтылып қалғанына қарамастан үзілістен кейін тез жиналған Вавринка тай-брейкте үздік шығып таразы басын теңестірді.

Бұл жетістігінен кейін шабыттанған Станислас Ваврика үшінші сетте сауатты өнер көрсетіп, кездесуді өз пайдасына шешті.

Самат ҚАНАҒАТОВ