Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде бір мезетте баспанасыз қалған 8 отбасы әлі де болса қаңғып жүр

  • AstanaTV
  • 22 сәуір 2014
  • 846

Ақтөбеде бір мезетте баспанасыз қалған 8 отбасы әлі қаңғып жүр. 2 қабатты ескі баспаналарының өртеніп кеткеніне бір айдан асып кетті. Бірақ соған қарамастан, өрттің шығу себебі анықталмаған. Тексерген комиссиядан әзірге хабар жоқ. Тұрғындар болса, өз қолдарымен үйіндіні тазалауда.

Лариса Томчук, Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Демеушілердің көмегімен құрылыс материалдарына қаражат бөлуді ойлап отырмыз. Тұрғындар арнайы есепшот ашып, тіркеген. Соған апта соңына дейін ақша түседі.

Сондай-ақ, қалалық әкімдік жаңа баспана тұрғызуға 8 млн теңге шамасында қаражат берілетінін айтты. Ескі үйдің орнына, бұрыңғы жобамен қайтадан құрылыс салмақшы. Бұл шартпен тұрғындар келісіпті. Ендігі проблема, берілген 8 миллион теңгені 8 отбасына жеткізу мәселесі болып отыр екен.

Әсима Құшанова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Ол әлі ақша есепшотымызға түскен жоқ. Әлі берген жок. Бізге қаражат көп керек қой. Өйткені, ең болмаса, сыртындағы несін салуға қаражаттың өзі мына 8 млн жетпейді.

Мансұр ЕСҚОЖИН