Русский Сайттың толық нұсқасы

Бостондағы жарылысқа күдіктілердің бірінің әкесі виза алды

  • AstanaTV
  • 23 сәуір 2014
  • 1557

Әмір Ысмағұлов ұлы Азамат Тәжіаяқовтың ісі қаралатын сот отырысына қатысатын болды. Бұл жөнінде ол «Астана» арнасының тілшілеріне телефон арқылы хабарлады. Сондай-ақ, көптен күткен визаны алуға мүмкіндік алғанын қуана жеткізді.

Еске салайық, қазақстандық қос студент Азамат Тәжіаяқов пен Диас Қадырбаев Бостон марафонындағы лаңкестік әрекетке қатысы бар деп айыпталған. Прокурорлар олардың әрқайсысын 25 жыл абақтыға жабу жазасын сұрап отыр. Әмір Ысмағұловтың айтуынша, сот процесі 30-шы маусымда басталады.

Әмір
Ысмағұлов, Азамат Тәжіаяқовтың әкесі:

3 наурызда құжат өткіздім. Ұзақ күттім. Еліміздің СІМ-гі ресми нота жолдаған соң барып берді,
18 сәуірге. Билетке тапсырыс беремін енді.

Базаргүл ОТЫНШИЕВА